Қосшы қаласы ІТ мектеп лицейінде 2023 жылдың 26 қыркүйегінде мектеп асханасына сапалы тамақтануды қамтамасыз ету барысын анықтау мақсатында бракераждық комиссия жүргізілді.
Тәрбие құндылықтары:
Ар-ұят: Әдеп нормаларын ұстану
Талап: Салауатты өмір салтын ұстану
- Дайын тамақ өнімдерінің технологиялық талаптарының сақталуын және дайын тамаққа (сынама алу) тексеру жүргізу.
- Санитарлық талаптардың сақталуын , айлық , апталық ас мәзірлерінің сәйкестігін бақылау.
ІТ мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылында барлық оқушылар 2508 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Оның ішінде 1-4 сыныптар, яғни бастауыш сыныптар- 1 130 оқушы тегін ыстық тамақпен, 5-11 сыныптардан ыстық тамаққа құжат тапсырған 17 оқушы тегін ыстық тамақпен, ИП «Байтерек» спонсорлық есебінен 40 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Құны 750 теңгені құрайды. Тексеру барысында тамақтың суып қалуы, заттық таңбалардың болмауы сынды кемшіліктер болды. Ескертулер жасалды.