14.05.2025
2024-2025 оқу жылының соңында 4, 9, 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және басқа да мектепішілік мерекелік іс-шаралар кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тәрбиелік мәні жоғары әрі мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында келесі талаптар мен ескертулерді сақтау міндетті:
Жалпы талаптар:
- Іс-шаралар аясында алғыс айту сыйлықсыз немесе ақшасыз түрде, тек ризашылық сөздер мен
- алғыс хаттар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
- Іс-шара кезінде мектеп аумағынан рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады.
- Сынып жетекшілері әр баланың қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен тұрақты байланыста болуы тиіс. Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдануға, әсіресе видео түсіруге және әлеуметтік желілерге жүктеуге шектеу қойылады.
- Іс-шара барысында әдепке және тәртіпке сай емес әрекеттерге (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдауға) жол берілмейді.
- Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген іс-әрекет (фото/видео түсіру, киім, декор
- және т.б.) міндетті түрде мекеме әкімшілігімен келісуі қажет.
Қатаң тыйым салынады:
- 4, 9, 11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшілігіне арналған ақша жинауға;
- Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
- Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
- Білім беру ұйымдарының жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;
- Отшашу, фейерверк, автокөлік шеруі сынды қауіп тудыратын іс-шараларды ұйымдастыруға;
- Сынып ішінде дастархан жаюға немесе банкет ұйымдастыруға.
Қатаң сақталуы тиіс талаптар:
- «Соңғы қоңырау» іс-шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
- Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
- Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершіліктің сақталуын қадағалайды.
Құрметті ата -аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды назарға алып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне және білім
ордасындағы тәртіп пен ұйымдастыру деңгейіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.