Текст
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, оның алдын алу шараларын жүргізу, олардың құқықтық білімін арттыру – жергілікті мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының негізгі міндеті десек, бүгінгі күні облыстағы білім беру саласы жұмысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу – өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай 12 қазан 2023 оқу жылы ІТ мектеп-лицейінде 5- сыныптар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Ақгүл Алдабергеновна мен директордың тәрбие ісі орынбасары А.К.Жанакова әңгіме - кеңес өткізді