«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ –сі жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының оқу жетістіктерінің мониторингіне дайындау және 4 жәек 9 сыныптарда оқу процесін тиімді ұйымдастыруды бағалау мақсатында 2023 жылғы 10 және 11 қазан күні онлайн режимінде Google платформасында, сілтеме арқылы ІТ мектеп-лицейінде 4 және 9 сынып оқушыларына ұйымдастырылып өткізілді.
4-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану сауаттылығы – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдау арқылы.
Тест уақыты 75 минут (1 сағат 15 минут). Максималды балл – 30
9-сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) әр тілге 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география) әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдау арқылы. Тестілеу уақыты 150 минут (2 сағат 30 минут). Ең жоғары балл – 75